Тәуелсіздік – бұл ең алдымен еркіндік, егемендік. Бұл – өз еліңнің, өз жеріңнің иесі болу, өз тағдырыңды өз қолыңа алу. Тәуелсіздік – бұл жастардың жарқын болашағы, ана тілінің мәңгі қалуы, ұлттық мәдениеттің дамуы. Тәуелсіздік – бұл бақытты өмірдің кепілі, әрбір азаматтың мақтанышы. Ол – азаттық туы желбіреген, еңсесі биік, еліне сүйіспеншілігі мол мемлекеттің белгісі.