Ответ:
Кез келген жасушаның құрамына 70-тен астам химиялық элементтер кіреді. Бұл — тірі және өлі табиғаттың тұтастығының дәлелінің бірі. Сандық мөлшері бойынша тірі организм құрамына кіретін химиялық элементтер макроэлементтерге және микроэлементтерге бөлінеді. Жасуша массасының 98%-ын құрайтын элементтер — көміртек, оттек, сутек және азот. Оларды органогендер деп атайды, микроэлементтер жасуша көлемінің 0,01%-ын құрайды.
