Ответ:

Тақырыбы: Орхон-Енисей жазба ескерткіштері

Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары жатады. Бұл жыр түркілердің ерлігін, елдігін дәріптейтін тұңғыш батырлар жыры болып саналады. Түркілердің өз елі, жері үшін жүргізген соғыстарын атап көрсетті де, сол жеңістердің оңайға түспегенін, оған Тоныкөктің ақыл-кеңесімен және ерлік істерімен үлес қосқаны суреттеледі. Тоныкөк жырында дидактикалық сарыңдағы қанатты сөздер, афоризмдер, мақал-мәтелге айналып, халықтық тілге біржолата сіңісіп кеткен сөз тіркестері жиі кездеседі. Әсіресе Тәңір, түркі, бек, бай деген ұғымдар тілімізде күні бүгінге дейін алғашқы мағынасында қолданылады. Бұны көне түркі мәдениеті мен бүгінгі қазақ мәдениеті сабақтастығының белгісі деуге болады.

Орхон-Енисей ескерткіштері түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін танытатын аса құнды мұра болып табылады. Олардан ата-бабаларымыздың елін қорғағаны, бірлік пен ерлікті жоғары бағалағаны көрінеді. Сондықтан бұл жазбаларды зерттеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу маңызды.