Вопрос:

1-тапсырма. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында. Мәтінге қай тақырып сәйкес келеді? (Елдостың түсі) Орманға саяхат Өзге ғаламшарлықтар Жерге не себепті келіпті? Олар жерді қутқаруха Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз. Елдос алаңда тұрған көрді. Одан екі түсті. Олардың бойы аласа, Айтылым. 2-тапсырма. Берілген жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт. Жарқыраған оттар. Өзге ғаламшарлықтар. Үлкен қауіп Оқылым. 3-тапсырма. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Ербол мен Тимур - достар. Екеуі бір сыныпта оқиды. Олар көптен бері болашақтың машинасын құрастырып жүр. Олар машинаға үлкен сағат орнатты. Бүгін олар үшін ерекше күн. Олар машинаны алғаш рет іске қосып көреді. Өздері қуанып және қорқып тұр. Тимур үлкен қызыл тетікті басып, сағатты бұрады. Қай уақытқа барамыз, Ербол? Болашаққа барайық. Болашақта Қазақстанның қандай болатынын көргім келеді. Жақсы, онда сағатты 2030 жылға қоямын. Дайынсың ба? Кеттііііік! Осы кезде айналадағы заттар көрінбей, балалар кеңістікте ұшып бара жатты. Балаларды сипаттайтын 2 сөзді анықта. Ақылды Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын 2 сөйлемді анықта. Уақыт машинасы үш бөлшектен тұрады. Уақыт машинасын іске қосу сәтсіз аяқталды. Бұл күн достар үшін неліктен ерекше болды? Жазылым. 4-тапсырма. Берілген жоспар бойынша оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Мәтінді өз бетіңше аяқтап көр. Жоспар: Ерекше күн. Уақыт машинасын іске қосу. Болашаққа саяхат

Смотреть решения всех заданий с листа

Ответ:

1-тапсырма. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Мәтінге қай тақырып сәйкес келеді?

(Елдостың түсі)

  • Ғажайып кеме
  • Орманға саяхат

Өзге ғаламшарлықтар Жерге не себепті келіпті?

Олар жерді құтқаруға келді.

Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.

  • Елдос алаңда тұрған түрлі түсті оттарды көрді.
  • Одан екі келе жатқан түсті.
  • Олардың бойы аласа, денесі ақшыл жасыл түсті.

Айтылым. 2-тапсырма. Берілген жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт.

Жарқыраған оттар. Өзге ғаламшарлықтар. Үлкен қауіп

Мазмұны: Елдос серуендеп жүргенде тоғайдағы оттарды байқады. Олар ағаштардың арасынан жарқырап тұрған тәрелкеге ұқсас бір ғажайып кеме көрді. Кеменің ішінен екі ғаламшарлық шықты. Олардың бойы аласа, денесі ақшыл жасыл түсті, көздері үлкен екен. Біреуі сәлемдесіп, Шолпан ғаламшарынан келгендерін айтты. Жерге үлкен қауіп төніп тұрғанын хабарлады. Елдос қорыққаннан оянды.

Оқылым. 3-тапсырма. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Балаларды сипаттайтын 2 сөзді анықта.

  • Ақылды
  • мейірімді

Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын 2 сөйлемді анықта.

  • Достар уақыт машинасымен болашаққа саяхаттады.
  • Уақыт машинасын іске қосу сәтсіз аяқталды.

Бұл күн достар үшін неліктен ерекше болды?

Бұл күн достар үшін ерекше болды, себебі олар болашақтың машинасын құрастырып, оны алғаш рет іске қосып көреді.

Жазылым. 4-тапсырма. Берілген жоспар бойынша оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Мәтінді өз бетіңше аяқтап көр.

Жоспар:

  • Ерекше күн.
  • Уақыт машинасын іске қосу.
  • Болашаққа саяхат

Мазмұны: Ербол мен Тимур – достар. Олар көптен бері бірге болашаққа арналған машина жасап жүрген еді. Бүгін олар үшін ерекше күн болды. Өйткені, бүгін олар машинаны алғаш рет іске қосып көреді. Машинаның алдыңғы бөлігінде үлкен қызыл тетік бар екен. Сол тетікті басып, Тимур сағатты бұрады. Достар қай уақытқа баратындарын сұрасты. Ербол болашаққа, яғни 2030 жылға баруды ұсынды. Уақыт машинасы қозғала бастады. Айналадағы заттар көрінбей, балалар кеңістікте ұшып бара жатты. Олар Қазақстанның 2030 жылдағы бейнесін көргісі келді.

ГДЗ по фото 📸
Подать жалобу Правообладателю