Ответ:

Бала суретті сатып алушы, ал суретші — сатушы. Бала анасына сыйлық жасау үшін бір жыл бойы ақша жинап, суретті сатып алады.

Суретші — мейірімді, кеңпейіл, адам көңілін бағалай білетін жан. Ол суреттің миллионға сатылуы мүмкін екенін білсе де, баланың шынайы ықыласын көріп, оны жинаған ақшасына береді. Суретшінің: «Алайда суретті сатып алуға бір жыл бойы ақша жинайтын адам табыла ма?» деген сөзі оның баланың табандылығы мен анасына деген сүйіспеншілігін бағалағанын көрсетеді. Ал бала үнемшіл, табанды әрі анасына қамқор: ол суретті алу үшін бір жыл ақша жинап, суретшіге алғысын білдіреді.