Менің қиялымдағы мектебім
Менің болашақ мектебім – бұл ең алдымен білім алатын тамаша орын. Мектебімнің ғимараты заманауи үлгіде, әркім өзінің қызығушылығына қарай кіретін зертханалары, шеберханалары болады. Сыныптарда арнайы роботтар мен интерактивті тақталар болады, олар сабақты қызықты өтуіне көмектеседі. Мектепте ән айту, би билеу, сурет салу, спортпен шұғылдану сияқты әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді. Әрбір оқушы өзіне ұнайтын сабақты таңдап, сол сабақтың маманы бола алады.