Ответ:

Орхон-Енисей жазбалары — VII–VIII ғасырларда жазылған түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасы. Енисей жазбаларының саны шамамен 85 жолға жетеді. Орхон жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы — Күлтегінге арналған ескерткіш. Онда түркі қағанатының ел басқаруы, дүниетанымы, тарихы, жеңістері мен ел бірлігі туралы баяндалады. Күлтегін ескерткіші 732 жылы қайтыс болған ханзадаға арналып, тасқа қашалған. Ескерткіштің биіктігі — 3,5 метр, төменгі ені — 1,32 метр. Төрт қырына көне түркі жазуы түсірілген. Бұл мұра түркі жұртын біріктіру, нығайту және елді сыртқы жаудан қорғау идеясын дәріптейді. 2001 жылы ескерткіштің көшірмесі Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратына орналастырылды.

Сөз саны: 75.