3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой. Қазақта «Ауылым — алтын бесігім» деген сөз бар. Әркімге өзінің туған жері — жерұйық. Біздің дүниеде жалғыз еліміз, жеріміз бар. Ол — Қазақ елі. Жалғыз Отанымыз — Қазақстан. Отанынды сүю, Отаныңа деген сүйіспеншілік отбасыңнан, кіндік қаның тамған жерден, ұшқан алтын ұяңнан басталады. Менің де ұшқан ұям — дәл осы жер. Балалық шағы өткен жерін адам еш уақытта ұмытпайды. Ауыл — біздің табан тірер жеріміз, тұғырымыз. Ауыл — халық руханиятының алтын діңгегі.