Ответ:
Фосфор, күкірт және хлор үшінші периодта орналасқан. Үшінші период атомдарында бос d-деңгейшелер болғандықтан, қозған кезде жұптаспаған электрондар саны көбейіп, атомдар топ нөміріне сәйкес ең жоғары валенттілік көрсете алады:
- фосфор — III және V;
- күкірт — II, IV және VI;
- хлор — I, III, V және VII.
Ал азот, оттек және фтор екінші периодта орналасқан. Олардың екінші энергетикалық деңгейінде тек s- және p-деңгейшелер бар, бос d-деңгейше болмайды. Сондықтан олардың валенттілігі шектеулі:
- азоттың ең жоғары валенттілігі — IV;
- оттектің валенттілігі — II;
- фтордың валенттілігі — I.
Жауап: екінші период элементтерінде бос d-деңгейше болмағандықтан, олардың валенттілігі топ нөміріне жетпейді; үшінші период элементтері d-деңгейшелерді пайдаланып жоғары валенттілік көрсете алады.
