Ответ:
Жоспар және тірек сөздер
- Менің болашақ пәтерім. Тірек сөздер: арман, зәулім үй, жоғарғы қабат, үш бөлмелі пәтер.
- Пәтердің орналасуы мен көрінісі. Тірек сөздер: тау етегі, жатын бөлме, терезе, шыршалар, тау самалы.
- Пәтердің ішкі көрінісі. Тірек сөздер: кең қонақбөлме, асүй, балкон, жарық.
- Үйді безендіру. Тірек сөздер: ұлттық нақыш, жиһаз, дизайнер, әдемі перделер.
Мазмұндама
Әлібектің болашақ пәтері туралы арманы бар. Ол зәулім үйдің жоғарғы қабатында орналасқан үш бөлмелі пәтерде тұрғысы келеді. Пәтерінің тау етегінде болғанын қалайды. Жатын бөлмесінің терезесінен тау мен шыршалар көрініп, бөлмеге таудың салқын самалы кірсе деп армандайды.
Әлібек қонақбөлмесі мен асүйінің кең болғанын ұнатады. Үйіндегі жиһаздар ұлттық нақышта жасалып, әдемі перделермен безендірілсе дейді. Болашақ пәтерін дизайнермен кеңесіп, өз талғамына сай жабдықтамақ.
