9.4. Төмендегі сөйлемдерде кездесетін сандарды стандарт түрде жазыңдар: 1) түйреуіштің диаметрі 0,001 м; 2) сутек атомының диаметрі 0,00 000 000 003 м; 3) Дүниежүзілік мұхиттың жер бетінен алып жатқан ауданы 361 000 000 км²; 4) Балқаш көлінің жер бетінен алып жатқан ауданы 22 000 км²; 5) Каспий теңізінің жер бетінен алып жатқан ауданы 370 000 км²; 6) компьютердің пернесін басқанда 0,1 Дж энергия жұмсалады; 7) арқанның қанат қағуына жұмсалатын энергия 0,0009 Дж; 8) сутек атомының массасы 0,000 000 000 000 000 000 000 167 г; 9) Жердің массасы 6 000 000 000 000 000 000 000 000 кг.