Ответ:
Ұқсастығы: материктер мен мұхит түбінде жер бедерінің көтеріңкі және төмен бөліктері бар. Екеуінде де таулар мен жазықтар кездеседі.
Қорытынды: материктер мен мұхит түбі — Жер бедерінің өзара жалғасқан бөліктері. Олардың жер бедері әртүрлі болғанымен, екеуіне де биіктіктер мен ойыстардың алмасуы тән.
Материктердің айырмашылығы: негізгі орографиялық бірліктері — жазықтар, таулар және таулы үстірттер. Жер бетінің басым бөлігі су үстінде орналасқан.
Мұхиттардың айырмашылығы: мұхит түбінде материктік қайраң, материктік беткей, мұхит қазаншұңқырлары мен абиссаль жазықтар, орта мұхит жоталары және терең шұңғымалар болады. Мұхит түбінің көп бөлігін су жауып жатыр.
