Ответ:
Термодинамиканың бірінші заңы: жүйеге берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің жұмыс атқаруына жұмсалады.
Формуласы: Q = ΔU + A. Мұнда Q — берілген жылу, ΔU — ішкі энергияның өзгерісі, A — жүйенің атқарған жұмысы.
Заң энергияның сақталуын білдіреді: энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды, тек түрленеді. Сондықтан бірінші текті мәңгілік қозғалтқыш жасау мүмкін емес.
