Ответ:

Жылу қозғалтқышы — отынның немесе басқа көздің ішкі энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын құрылғы. Бұл түрге бу машиналары, іштен жанатын қозғалтқыштар және бу-газ турбиналары жатады.

Жылу қозғалтқышының жұмыс істеуі үшін ортақ қажетті бөліктері: қыздырғыш (энергия беретін жылу көзі), жұмыс денесі (жылу алып, ұлғайып жұмыс атқаратын газ немесе бу) және салқындатқыш (жылудың бір бөлігін қабылдайтын орта). Қозғалтқыштың нақты құрылысына қарай бұл бөліктер әртүрлі түрде іске асады.