| Анықтамасы | Жауабы |
|---|
| Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін ескермеуге болатын дене | Материалдық нүкте |
| Сандық мәнімен және кеңістіктегі бағытымен сипатталатын шама | Векторлық шама |
| Кеңістікте белгілі бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен сипатталатын шама | Скалярлық шама |
| Векторларды қосу ережелері | Үшбұрыш ережесі және параллелограмм ережесі |
| Жылдамдық кез келген бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалыс | Бірқалыпты үдемелі (үдеуі тұрақты) қозғалыс |
| Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама | Үдеу |
| Ортаның кедергісі болмағанда денелердің тек Жерге тартылу әсерінен түсуі | Еркін түсу |
| Дененің қисықсызықты траектория бойымен қозғалысы | Қисық сызықты қозғалыс |
| Бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шама | Бұрыштық жылдамдық |