Нұрәлі мен Кемел ата-әжесінен мол базарлық алып келді.
Атамнан сыйға домбыра алдым, қараңыз, - деп мақтанды Кемел.
Менің әжемнен сыйға алған тақиям қалай?
Бізге ештеңе жоқ па? - деп сұрады анасы балалардан.
Әжемнен сізге базарлық бар. Қоржыннан алыңыз. Оларды қаладан табу қиын. Мінеки, айран, ірімшік, құрт, қаймақ, бауырсақ, - деді Кемел қуанып.
Әке, сіз торсықтан қымыз құйып ішіңіз, – деді Нұрәлі.