Ответ:
Кесіндіні тең бөліктерге бөлу үшін оның бір ұшынан кез келген сәуле жүргіземіз. Сәулеге циркульмен бірдей төрт немесе бес кесінді өлшеп саламыз. Соңғы белгіленген нүктені берілген кесіндінің екінші ұшымен қосамыз. Қалған нүктелер арқылы осы қосатын кесіндіге параллель түзулер жүргіземіз. Фалес теоремасы бойынша берілген кесінді тең төрт немесе бес бөлікке бөлінеді.
